Beket ata

Beket ata
Aisaghali

четверг, 1 ноября 2007 г.

Ақтауда Жалау Мыңбаевқа ескерткіш ашылды


Заманында кедей-жұмысшы отбасында дүниеге келіп, қазақша-орысша білім алған қайраткер сонау Адай уезінің ревком мүшесі, милиция бастығынан бастап Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Президиумының Төрағасы дейінгі еңбек жолынан өтті. Бар

болғаны отыз жеті жыл ғұмыр кешіп, жарық дүниеден құйрықты жұлдыздай жарқырап

ағып өткен, бойдағы бар қуаты, күш-жігерін елінің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында сарп еткен жайсаң тұлғаның көмескі тартқан берен бейнесін жаңғырту бүгінгі зерделі ұрпақ еншісіне тиіпті. Біртуар тарихи тұлға, көреген де көсем ойлы атпал азаматқа арналған еңселі

ескерткіштің ашылуына арналған жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ә.Кекілбаев, С.Оспанов, Г.Сейтмағанбетова,

Ж.Сәрсенқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Л.Қиинов, белгілі басқа да азаматтар қатысты.

1 комментарий:

Анонимный комментирует...

Тегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар http://free.ucoz.kz/